Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды
Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, көз жұмды
117
оқылды

Ақтауда екі адам химиялық заттан улану салдарынан көз жұмды. Тағы 6 адам шұғыл түрде ауруханаға түсті. Бұл жайында облыстың қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Құзырлы органдар анықтағандай, Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілерін ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялайды. Пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағын ауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен оның қызы көз жұмды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Осы факт Ақтау қаласының Полиция басқармасына ҚР ҚК 304 бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді. Қазір Ақтау қаласының Полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.