«Канелоның» титулдық жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды
«Канелоның» титулдық жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды
125
оқылды
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен түрік спортшысы Авни Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған сомасы аталды, деп хабарлайды sports.kz. The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Йылдырымның небәрі үш раундқа созылған жекпе-жек үшін алған гонорары 2,5 миллион долларды құраған. «Канело» болса, «сегіз таңбалы соманы» алған. Кейбір шетелдік БАҚ гонорар цифрын да атады, бұл 30 миллионға жуық доллар. Альварес Йылдырыммен айқаста WBA Super және WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғап шықты. Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін 8 мамырда өткізетін болды. Ол британдық боксшы Билли Джо Сандерспен жұдырықтасады.