Алматыда тағы да жер сілкінді
Алматыда тағы да жер сілкінді
5,130
оқылды
Зілзаала 19:27-де тіркелген. "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 370 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқанын айтады. Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 14.1. Магнитудасы MPV 6.0. Эпицентр координаттары 39.88° с. ш. 77.21° в. д. Тереңдігі 10 км. Алматы қаласында (МSК-64 шкаласы бойынша) 3-4 балл emsc.eu порталының мәліметтері бойынша эпицентрдегі жер сілкінісінің күші - 6 балл. ТЖД тиісті мемлекеттік органдарды, ЖАО-ны хабардар етті. ЖП ЖБО деректері бойынша-патрульдеу бағытындағы патрульдік нарядтар көзбен шолып ештеңе байқамаған, жағдай тұрақты. 17 қаңтарда қалада 2 баллдық жер сілкінісі тіркелген болатын.