[caption id="attachment_115472" align="alignnone" > ©Мұрзанов А.[/caption] Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті. Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол секілді жарыстар бойынша ұйымдастырылды. Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. [caption id="attachment_115452" align="alignnone" > ©Мұрзанов А.[/caption]
«Құрметті қала тұрғындары мен спортсүйер қауым. Бұл «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылады. Көріп отырғанымыздай, сайысқа кішкентай баладан аға буынға дейін қатысушылар қатысуда. Қысқы ойындарға қатысып, белсенділік танытып жатқан спортшыларға үлкен алғыс айтамыз. Біздің мақсатымыз – салауатты өмір салтын және спортты насихаттау. Баршаңызға тілектеспіз, сәттілік тілеймін!», – деді Б.Мәкен.[caption id="attachment_115478" align="alignnone" > ©Мұрзанов А.[/caption] Бұрқасын жарысында көрермен көзайымына айналып үлгерген авто-мото спорт түрінен бүгінгі жарыста еліміздің бес өңірі: Павлодар және Ақмола облыстары мен Өскемен, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қалаларынан да спортшылар бақ сынады. Мұз үстіндегі дрифт сайысын тамашалауға келгендер де аз болмады. [caption id="attachment_115454" align="alignnone" > ©Мұрзанов А.[/caption]
“Бүгін отбасымызбен жыл сайынғы "Бұрқасын-2021" фестивалін тамашалауға келдік. Биыл міне бүгінгі ауа райына қарамастан, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтіп жатыр. Өте керемет іс-шара, жоғары деңгейде. Жылдан жылға көрермендер де, қатысушылар да көбеюде. Бұл жарысқа немерем қатысып жатыр. Барлық қатысушыларға, соның ішінде шаңғы жарысына қатысып жатқан немереме сәттілік тілеймін”,– деді елорда тұрғыны Байзақ Талапнұр.[caption id="attachment_115455" align="alignnone" > ©Мұрзанов А.[/caption] «Бұл фестивальға 2019 жылдан бері қатысып келем. Бүгін шаңғы жарысында өз жас тобым бойынша 1 орын иеленіп, сыйлық алып отырмын. Өте қуаныштымын. Осы іс-шара ұйымдастырушыларына қалалық әкімдікке, спорт басқармасына алғысымды айтамын. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі демалыс күнімді керемет өткіздім. Барша қауымды осындай бұқаралық жарысқа қатысуға шақырамын!» – деді Дина Джакенова.
Айтжан Мурзанов