Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
81
оқылды
Қазгидромет ауа райына байланысты еліміздің кей өңірінде ескерту жариялады. 1 наурызда Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Нұр-Сұлтан қаласында 1 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні  15-18 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысының күндіз  солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде  15-20, екпіні  23-28 м/с. 1-3 наурызда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 2-3 наурызда кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 1 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, қоқтайғак күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23 м/с.