Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды
Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

1 наурыз, сағат 04.50-ден бастап ауа райына байланысты «Өскемен – Алтай – Қатонқарағай – Рахман шоқысы» автожолының 7-166 шақырымында, Ушановское ауылы – Алтай қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Сағат 5.00-ден бастап боран тұрып, жол көрінісі қиындағандықтан «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тасжолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы – Шемонаиха қаласы аумағы мен «Өскемен–Риддер – РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында, Белоусовка ауылы – Риддер қаласы аумағында жүк көлігі мен қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Сағат 07.20-дан бастап «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 36-102 шақырымында, Предгорное ауылы – Шемонаиха қаласы мен «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы-Риддер қаласы аумағында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.