Қару-жарақ жеткізу мәселесін қадағалау керек – Ливия тағдыры
Қару-жарақ жеткізу мәселесін қадағалау керек – Ливия тағдыры
114
оқылды

Берлинде Ливия мәселесі талқыланды, – деп жазады «Қазақпарат».

Конференцияға қатысушылар БҰҰ-ның қару-жарақ эмбаргосын қолдауға уағдаласып, Ливиядағы қарулы топтарды қолдауды тоқтатуға шақырды.

Дереккөздің жазуынша, Берлиндегі жиынға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Германия канцлері Ангела Меркель, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия мен Францияның мемлекет басшылары Реджеп Тайып Эрдоған мен Эммануэль Макрон, сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қатысты. 

Қатысушылар төрт сағатқа созылған кеңес соңында қару жеткізуді тоқтатып, билікке таласып жатқан екі тарапты татуластыру шараларын қолға алуға келісті.

Құжатқа 12 елдің өкілдері, сонымен қатар БҰҰ, Еуропалық Одақ, Африкалық Одақ және Араб мемлекеттері лигасы өкілдері қол қойды.

«Бәріміз қару жеткізу эмбарго талаптарына жауапкершілікпен қарап, оны былтырғыдан да қатты бақылауға алуымыз керек», - деді Германия канцлері Ангела Меркель.

Еске салай кетейік, Ливияда 2011 жылдан бері соғыс жүріп жатыр. Ливия Ұлттық әскері елдің шығысындағы үлкен аумақты бақылауда ұстайды. Былтыр сәуір айында олар Триполидегі Ұлттық келісім үкіметін қолдайтын күшке қарсы іс-қимылды бастады.