Белсенділер партияға мүше болды
Белсенділер партияға мүше болды
260
оқылды

Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия мүшелерін жаңа кезеңге өтуімен құттықтап, ең белсенді павлодарлықтарға 15 партия билетін табыс етті.

Кәсіпкерлер, инженерлер, педагогтар, қоғам белсенділері, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының өкілдері партияға мүше болды.

– Мен бүгін партия қатарына қосылғаныма шын жүректен қуаныштымын. Өмірімді спортпен байланыстыруды шешкен кездегідей маңызды қадам деп санаймын. Спортшылар патриоттық сезімнің не екенін жақсы біледі деп сеніммен айта аламын. Саясаттан алшақпын, бірақ мемлекеттің салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған барлық бастамаларын бөлісуге дайынмын, – деді Ақсу футбол клубының футболшысы Маруа Дінмұхамед.

Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов кездесу партияның 22 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын еске салды.   [caption id="attachment_115570" align="aligncenter" width="1280"]партия Фото: Валерий Бугаев[/caption]

– Шынайы патриотизм мен адалдық жетістікке жетуге күш береді. Барлық партия мүшелері, облыс тұрғындары  Nur Otan партиясы қабылдаған міндеттемелерді жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бірге қол жеткіземіз. Әрқайсыңызға зор денсаулық, табыс және үлкен жетістіктер тілеймін, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ бүгін партия қатарын облыстық ҚХА грузин этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Яна Касьян толықтырды. – Мен үшін партия мүшесі болу айрықша маңызды, себебі Қазақстанға 20 жыл бұрын ғана келген кезде  Nur Otan үлкен әрі белсенді партия болды. Мен әрқашан осы партияға қосыламын деген ойды ұстадым. Қазақстанға келгенімде Тәуелсіздікке 10 жыл болды, ал бүгін біздің еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Бүгін Алғыс айту күні баршаңызға, атап айтқанда, мен үшін екінші Отаным болған  қонақжай қазақ жеріне алғысымды білдіргім келеді, – деді партияның жаңа мүшесі Яна Касьян.   ⠀