Макгрегор жеңісін атап өтті (видео)
Макгрегор жеңісін атап өтті (видео)
168
оқылды

Кеше UFC 246 турнирінде Макгрегор мен Серроне жекпе-жек өткізді, – деп жазады «Спутник Қазақстан».

Ирландиялық спортшы кездесуді небәрі 40 секундта нокаутпен аяқтады. Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені жеңген соң түнгі клубқа барды.

Спортшының видеосын MMA Junkie өзінің Twitter-інде жариялады.

Видеода спортшының клубта билеп жүргенін көруге болады.

Кеш Лас-Вегас қаласындағы түнгі клубтардың бірінде өтті.

Видеода Макгрегордің ішімдік ішіп-ішпегені туралы айтылмайды.

Айта кетейік, жекпе-жекті небәрі 40 секундта нокаутпен аяқтаған спортшының бұл 22-жеңісі болатын.

Ол жалпы шаршы алаңда 4 рет жеңілген.