Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті әкімдік қызметкері емес.
«Ажар Әбдірешеваның жұбайын өлтіргені туралы арыз-шағымы бойынша күдікті адам «Алматы қаласының Шаруашылық басқармасы» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол штатта тіркелген. Жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне байланысты жұмыста жоқ. Ол әкімдік қызметкері санатына да, мемлекеттік қызметші санатына да жатпайды. Ер адам әкімдікке қызмет көрсететін «Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы» ЖШС-да жұмыс істейді», – деді ЖШС директоры Қ. Баяманов.Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев бұл істің тергелуін қадағалайтынын айтқан болатын.