Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Еліміздің көптеген аймағына көктем белгіленген мерзімде келіп жетеді, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 2021 жылғы наурызда Қазақстанның басым бөлігінде циклондардың және Иран аудандарынан келген жылы ауа массасының ықпалынан ауа температурасы жоғарылайды деп  күтілуде. Республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1° жоғары, республиканың солтүстік-батыс бөлігінде қалыпты шамада болады деп болжанып отыр. Бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгереді. Ауа температурасы 10° С және одан да жоғары болуы мүмкін. Айдың басында белсенді циклондардың әсерінен республика бойынша ауа-райының тұрақсыз болады: еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде қар аралас жаңбыр қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасындатады), тұман және көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстік бөлігінде көбінесе жаңбыр, солтүстік бөлігінде жаңбыр, қар  жауады. Бірінші онкүндік бойы Қазақстан аумағында ауа температурасы ауытқиды: еліміздің солтүстік бөлігінде  күн аздап суытады, оңтүстік бөлігінде+10+15°С-тан 0,+7°С-қа дейін, елдің батысы мен солтүстік-батысында -3-10°С-тан -1+6°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде. Бірінші және екінші онкүндіктің жекелеген күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан келетін суық ауа массасының әсерінен түнгі уақытта термометр бағанасы еліміздің солтүстік бөлігінде -13-25°С-қа дейін, оңтүстік бөлігінде -5-15°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Айдың екінші жартысында Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқындарының әсерінен күндізгі ауа температурасы жекелеген күндері +3+10°С дейін; елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды. Жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады, тек елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында норма шамасында болады  (Қазақстанның басым бөлігінде норма: 10-25 мм, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтағы таулы аудандарында 55-103 мм дейін, шығыста 8-30 мм) деп болжануда.