Президент қаскөйдің қолынан мерт болған полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
Президент қаскөйдің қолынан мерт болған полицейді «Айбын» орденімен марапаттады
139
оқылды

«Ақорданың» хабарлауынша, Президент қаскөйдің қолынан қаза тапқан полицейді «Айбын» орденімен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қызметтік борышын атқару үстінде көз жұмған полицей Дархан Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)» делінген ресми Жарлықта.

Айта кетейік, Дархан Базарбаев 19 қаңтар күні қызметтік міндетін атқару кезінде қаскөйдің қолынан қаза тапқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Мерт болған полицейдің артында 4 айлық сәбиі қалды.