Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбе облысында тұрғын үйден екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылындағы жеке тұрғын үйден белгісіз газдан уланып көз жұмған екі адамның мәйіті табылды, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

«Саркөл ауылы Мешіт көшесіндегі үйден 1951 жылы туған үй иесі мен 1976 жылғы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, екеуі де белгісіз газдан уланған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге Хромтау ауданы Көктау кентінде екі адам табиғи газдан уланып қалған. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде дәрігерлер «1987 және 1990 жылғы екі адамның жағдайы ауыр»,– деп бағалап отыр. Бұған дейін Ақмола облысында тұрғын үйде өрт шығып, екі адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.