Алматыда жүк көлігі жерастына түсіп кетті
Алматыда жүк көлігі жерастына түсіп кетті
Алматы қаласында жүк көлігі жерастына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қажымұқан көшесінің бойында болған. Оқыс оқиғадан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алған. Қалалық жедел жәрдем қызметі хабарлағандай, бас сүйек-ми жарақатын алған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
«Науқастың жағдайы – орташа ауыр. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүк көлігінің жартысына жуық бөлігі жер астына түсіп кеткенін байқауға болады. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы жіберілді. Мән-жай анықталып жатыр. Болған оқиғаға құқықтық баға беріледі.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)