Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 2-4 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

"Қазақстан аумағына кезекті атлантикалық циклон жетеді. Атланттың жылы және ылғалды ауасы батыстан соққан желмен бірге еседі. Қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады",– делінген хабарламада.
Солтүстік аймақтарда көктайғақ, тұман, қарлы боран күтіледі.