Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді
Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді
131
оқылды
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азаматтарды қабылдап,  олардың сұрақтарына жауап берді. 
"Мен осы күні "Нұр Отан" алаңына менімен кездесу үшін келген азаматтарға алғыс айтқым келеді. Мен үшін мұндай кездесулер әрқашан маңызды. Өйткені қазақстандықтар тек сұрақтармен және өтініштермен ғана емес, жүйелі мәселелерді шешу үшін жақсы ұсыныстармен де жүгінеді. Мысалы, Қапшағайдың тұрғыны Ақмарал Жұмаханова бүгін министрлікке көшедегі сауда орындары үшін "тәртіп ережелерін" әзірлеуді ұсынды. Көше саудасымен айналысатын сатушылар ең болмағанда айналасындағы тазалықты сақтау керегін ұсынды.
"Көше саудасы" мәселесі өте күрделі. Әдетте мұндай сауда базарлардың ресми аумағында жүргізіледі және іс жүзінде заңға қайшы келеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар ережелердің тәртібі мен сақталуын қадағалауға тиіс. Екінші жағынан, жаз мезгілінде саяжай тұрғындары "өздігінен" жинаған өнімдерін көше саудасы арқылы сатады. Ал адамдарға өз өнімдерін сатуға тыйым салу дұрыс емес.
Мен " көше саудасына" арналған ережелер" құруға емес, күрделі тәртіпке сүйенуді жөн көремін. Мысалы, Нұр-Сұлтанда саяжай тұрғындары үшін әкімдік көптеген жылдар бойы сауда нүктелерін анықтады. Олардың тәртібін сатушылардың өздері де, коммуналдық қызметтер де қадағалайды. Бірақ заңсыз сауда  заңды арнаға түсуі керек, яғни белгіленген аумақтарда сауда жасауы керек, немесе ондай сауданың жолын кесу керек.
"Темекі түтінінен бос Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының жетекшісі Джамиля Садықова, Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламентінде (ТР 035/2014) темекі өнімдеріне арналған техрегламенттің реттеу объектісіне қыздырылған темекіден жасалған бұйымдарды қосу туралы маңызды ұсыныс жасады. Біз бұл мәселеде оны толығымен қолдаймыз. Регламентке түзетулер бойынша жұмыс басталып кетті және Еуразиялық экономикалық комиссия жоспарлары бойынша жаңартылған техникалық регламент ТР 2022 жылдың үшінші тоқсанында қолданысқа енеді.
Джамиля Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенті Қазақстанда қыздырылатын темекіге ұлттық техрегламент құру қажеттігін жоққа шығарады деп есептейді. Дегенмен, мен Еуразиялық стандарт енгізілгенге дейін біздің, қазақстандық нарықта өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептеймін. Техникалық регламентсіз қауіпсіздікке қойылатын талаптарды талап ету мүмкін емес.
Бұл мәселені Ұлттық коалициямен талқылауды жалғастырамыз деп ойлаймын.
Әрине, азық-түлік бағасының өсуі туралы мәселе де көтерілді. Бұл қазіргі кездегі елдегі өзекті мәселелердің бірі.
Өкінішке орай, азық-түлік бағасының өсуі әлемдік тенденция, оған былтырғы жылы карантиндік тыйым салу да, бірқатар өнімдердің нашар жиналуы да себеп болды. Бұл объективті себептерге қарсы тұру өте қиын.
Алайда мемлекеттің баға тізбегіне әсер ету тетіктері бар. Облыс әкімдіктерінің жанындағы сол тұрақтандыру қорлары маусымда «егіс алаңынан» сатып алынған тауарларға интервенциялар жасауға мүмкіндік береді. Тұрақтандыру қорларының сатушылардан айырмашылығы сауда маржаларын болдырмайды. Тиісінше, мұндай өнімнің бағасы нарықтағы бағадан арзанырақ. Әдетте тұрақтандыру қорларындағы тауарлар ірі сауда желілері арқылы сатылады. Айтпақшы, ірі дүкендерге негізгі азық-түлік бағаларын ұстап тұру үшін жеңілдетілген несие беріледі.
Бұл туралы менің әріптесім Сайрагүл Накуповаға айттым. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан болғандықтан (ал азаматтармен кездесу онлайн режимінде өтті), мен осындай несие алып, азық-түліктерді төмендетілген бағамен сататын дүкендерді: "Шапағат", "Магнум", "Рахмет", "Смолл", "Анвар" және басқаларды атап өттім. Бұл сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы орташа нарықтық бағадан 15-20% - ке төмен. Тауарлар делдалдардың қызмет көрсетулерінің құнынсыз, яғни өндірушінің бағасы бойынша сатылатын ауылшаруашылық жәрмеңкелеріндегідей.
Тауар өткізу жүйесін құру аясында бүкіл сауда тізбегін цифрландыра отырып, біз бағаның егіс алаңынан-сауда сөресіне дейін өзгеруін көреміз. Және бағаны негізсіз көтерген жағдайда жедел шешім қабылдай аламыз.
Естеріңізге сала кетейін, бізде әлеуметтік маңызы бар тауарларға максималды сауда үстемесі – 15%.
Кездесуде Гүлмира Бекқожадан тағы бір сұрақ, өтініш болды: оған бизнесін кеңейту үшін айналым қаражаты қажет (ол тігінші) екен. Мен оған "қарапайым заттар экономикасы" және кез келген банктен айналым қаражатын толықтыруға жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі туралы айттым. Гүлмира Бекқожаның бизнесі дамиды деп үміттенемін.
Мен сұхбаттасушыларыма тағы да алғысымды білдіремін. Сауда және интеграция министрлігі мен жеке өзім әрқашан қоғам үшін ашықпын, – деп жазды ол.