Елордалық студент тон ұрлаймын деп тұтылды
Елордалық студент тон ұрлаймын деп тұтылды
5,107
оқылды

Астаналық студент тоналғаны туралы полицияға шағым түсірді. Оның айтуынша белгісіз азамат ауруханадағы қызметкерлерге арналған шешіну бөлмесіне еніп, 500 мыңға бағаланған шубасын ұрлап кеткен.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірнеше күннен кейін дәл осындай шағыммен тағы үш студент полицияға хабарласты. Қылмыскер ұрлық әрекетін бір тәсілмен жүргізіп отырған. Қыздар ауруханада жүргенде олардың сырты киімі жоғалған.

«Алматы» ауданының полиция департаментінің жедел іздестіру тобы күдіктіні тез арада қолға түсірді. Ұры елордалық жоғарғы оқу орнының студенті, болашақ медициналық қызметкер болып шықты.

Қылмыскер өз кінәсін толық мойындады. Қолды болған кейбір тонды ол ломбардқа өткізіп үлгірген.