Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды
Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды
98
оқылды
Алматыда 27 ақпан күні Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында автобус қағып кеткен 57 жастағы әйел қайтыс болды. «Өткен сенбі күні жаяу жүргіншілер жолында қоғамдық көлік қағып кеткен 1963 жылы туған әйел түнде қайтыс болды»,– деп хабарлады қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 27 ақпан күні кешкі сағат 20.00 шамасында Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, жеңіл автокөлік жүргізушісі және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуін ауыр халде жансақтау бөліміне жеткізген болатын. Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, соның салдарынан рөлге ие бола алмай қалған.