Халықты бірлікке шақыратын мереке
Халықты бірлікке шақыратын мереке
123
оқылды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды «Алғыс айту» жалпы­ха­лықтық мерекесімен құттықтады.

«Алғыс айту мейрамы 2016 жылы Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленіп, содан бері барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекелердің біріне айналды. Сондай-ақ ұлттар арасындағы бауырлас­тықты одан әрі тереңдетіп, жас ұрпақты мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше мерекеге айналды», – деді палата Спикері. Осы ретте Нұрлан Нығматулин тұрақтылық пен жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев­тың елді дамыту жолындағы негізгі бағытының бірі екенін айтты. Сонымен қатар Мәжіліс Спи­кері Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне, оның ішін­де Мәжілістегі Ассамблеядан сайланған депутаттардың елімізді дамытуда еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды. Мәжіліс Төрағасы тәуелсіз Қазақстанымыздың тірегі саналатын барша халқымызға өз алғысын білдіріп, әрбір отбасына, әр­­бір азаматқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.