137 адамды қар құрсауынан құтқарды
137 адамды  қар құрсауынан құтқарды
96
оқылды

Шығыс Қазақстанда қыс нағыз күшіне «мініп» тұр. Боран мен желдің қатты соғуына байланысты барлық бағыт бойынша жолдар жабылған. Облыстағы құтқарушылар бір түнде қар құрсауында қалған 137 адамды құтқарған. Оның ішінде он бірі – бала.

Облыс аумағында қазір күш­ті боран мен жел секундына 28 метрге дейін соғып тұр. Соған байланысты барлық бағыт бойын­ша жолдар жабылды. Ал одан бұрын үйден шығып кеткен адамдар жолда қалып қойған. Әсіресе, Семей – Қарауыл, Өске­­­мен – Семей және Семей – Алма­­­ты тасжолында жағдай нашар. «28 ақпан күні түнде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайларды бақылау депар­­­­таменті қызметкерлері 137 адам­ды құтқарды, оның 11-і – бала. Бұлақ ауылындағы мектепке 30-дан аса адам, төрт бала және қонақүйге 33 адам орна­­­лас­­­тырылды. Семей қа­ласында құт­­­қарушылар 18 көлікті жақын елді мекендерге, 40 жолаушысы бар тағы 2 ав­­­тобусты Семейге дейін шы­­ғарып салды» деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері. Құтқарушылар азаматтарға әлі де көмек көр­сетіп жатыр. 15 жол учаскесі жабық, оның 10-ы – рес­пуб­ликалық, бесеуі – об­лыс­тық маңы­­­зы бар жол. Тө­­тен­­ше жағ­дай­лар департаменті Шығыс Қазақ­стан облысы тұр­ғындарына ауа райына бай­ланысты ескерту жа­­­риялап, елді мекеннен шұғыл қа­­­­жет бол­маса, шығуға болмай­ты­­­нын ха­барлады.

Ж.АҚҚАЙЫР