Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Nur Otan

Жетістігі мол жетекші партия

«Айқын» ақпарат
Наурыз 2, 2021
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
партия

1 наурыз – «Nur Otan» пар­тиясының құрылған күні. Оның қалыптасу және даму тарихы Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Ел­басы, «Nur Otan» партиясының Тө­ра­ғасы Нұрсұлтан Назар­ба­ев­­­тың есі­мімен тығыз бай­ланысты. Олай дейтін се­бебіміз, Ел­басының тікелей басшы­лығымен партия же­текші саяси күшке ие болды. Бү­гінде нұротандықтар Елба­сы тап­сырмасына сәй­кес пар­тия қызметін жаңғыр­ту жұ­мыс­тарын қарқынды түрде жүргізіп келеді.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы әрбір жетістігі, құнды шешімдер мен заңдардың қабылдануы «Nur Otan»-ның қатысуымен өтті. Партия Төрағасының бастамасымен жетекші ұйым уақыт талабына сай жаңару жолына түсіп, жаңа белестерді бетке алып келеді. Нақтырақ айт­қанда, бүгінге дейін «Nur Otan» партиясының бастамасымен көптеген ауқымды шара ұйымдастырылды. Алдағы уа­қытта да бұл шаралар жалғасын таба берері сөзсіз.

Басқасын айтпағанда, 2019 жылдың өзінде партияның екі бірдей съезі өтті. Сондай-ақ «Nur Otan»-ның 20 жылдық мерейтойы тойланды. Ал маусым айында Президент сайлауында «Nur Otan» партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіс­ке жетіп, Президент атанды. Мұның өзі партияның ел алдын­дағы асқақ беделін көрсетті.

Саяси кеңес кезінде сөйлеген сөзінде Елбасы партия жұмысын жаңғырту жөнінде айтып, «Nur Otan»-ның халықты алға жетелеуші ұйым екеніне ерекше тоқталды.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда

Онлайн форматтағы кезекті қабылдау

Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады

– Партиямыздың дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын бәріміз түсініп отырмыз. «Nur Otan» еліміздің жетекші күші ретінде саяси басшылықты бекемдеп, стратегиялық бағыттан ауытқымауы үшін бүкіл қоғамды жұмылдыруы тиіс. Бұл – бос айтылған сөз емес. Біз – Қазақ­станның, халықтың ортасындағы елді алға жетелейтін ұйымбыз. Егер ондай маңызды міндеттің үдесінен шыға алмасақ, орнымызды басқа партия басады. Сондықтан жауапкершілікті барынша сезінуіміз керек. 2050 жылға дейін қабылданған бағ­дарламада Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылуын мақсат етіп қойдық. Барлық бағдарлама осы меженің төңірегінде тоқайласады, – деді партия Төрағасы.

Жетекші ұйымның әлеуеті артты

Елбасы сондай-ақ «Nur Otan» партиясының әрқашан проблемаларды нақты шешу жолдарын ұсынып, тиімді жұмыс істеуі керек екенін тілге тиек етті. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев партияның жұмысын жүйелі жаңғыр­ту бағдарламасын ұсынып, оны «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» деп атады. Тұңғыш Президент бірінші кезекте партияның белсенді мүшелерін топтастыруға мән берді. Яғни, қоғамдық мәселелерді ұдайы көтеріп жүрген, оны шешудің жолдарын ұсына білетін, өз сөзін дәлелдей алатын азаматтарды партияға тартудың жайын қозғады. Халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде белсенділік танытпағандар партияның мүшелігіне лайық емес екені айтылды. Соның арқасында партия мүшелерінің қоғамда болып жатқан жағдайларға нем­құрайды қарамай, дер кезінде үн қатуы, нақты шара қолдануы назарға алынды.

Партия жұмысындағы ашық­тықты қалаған, жетекші ұйымның әлеуетін барлық жерде арт­тыруды көздеген Елбасы Мә­­жілістегі фракцияның жұмысын күшейтуді қолға алды. Бұл – партия міндеттерін орындаудың және атқарушы органдарға ықпал етудің негізгі тетігі екені айқын. Ал фракция өз деңгейінде жұмыс істесе, оның беделі де жоғарылайтыны белгілі.

Партия Төрағасы сонымен қатар халықпен жұмыс істеудің нақты бағытталған ұстанымын енгізуге баса мән берді. Соның арқасында егде жастағы адам­дарға арналған орталықтар құруға жол ашқан «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы, көпбалалы аналарға қолдау көрсеткен «Бақытты отбасы» орталықтары сияқты бастамалар көптеп іске асырылып жатыр. Одан бөлек, Елбасы партия төңірегіне жас­тарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды ұсынған еді. Ауыл жастарымен жұмыс істеуді де негізгі міндеттердің бірі санады. Бұл ретте «Ауыл – ел бесігі» жобасын әзірленді. Жалпы, бұл жобаның мақсаты – ауыл жастары үшін жұмыс орындарын ашу, оларды ауылда тұрақтандыру болды. Қазір Үкімет осы мәселелермен айналысып, тиісті шараларды қолға алынуда.

 Нақты істер партиясы

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде де Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Birgemiz қоры арқылы еліміздің шағын қалалары мен ауылдарындағы мұқтаж адамдарға қолдау көрсету туралы тапсырма берді. Бүгінде Елбасы тапсырмасына сәйкес аталған жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Осыған байланысты партия Лидерінің «нағыз патриоттардың, жауапкершілігі мол жас көшбасшылардың жаңа буыны қалыптасқаны қуантады» деген сөзін атап өтпеске болмайды. Расымен де, көптеген азамат #BizBirgemiz акциясы асында қайырымдылық іс-шараларына қатысып, белсенділік танытты. Бұл ретте волонтерлердің еңбегі орасан зор.

«Nur Otan»-ның нақты істер­дің партияcы екенін айғақтайтын тағы бір көрсеткіш – ол әрине аймақтардағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы. Cоңғы кездері қоғамдық қабылдау бөлмелерінің көмегіне жүгінген тұрғындар саны да айтарлықтай арту үстінде. Бұл азаматтардың партияға деген сенімінің күшейе түскенін аңғартады. Қазір «Nur Otan» партиясы Елбасы тапсырмасына сәйкес партия қызметін жаңғырту жұмыс­тарын қарқынды түрде жүргізуде. Осы мақсатта бірқатар жоба қолға алынды. Әсіресе, партияны заманауи, бәсекеге қабілетті, тиімді, жоғары технологиялы саяси ұйымға айналдыру көзделді. Дүйім жұрттың ал­ғысын арқалаған партиялықтардың аталған игі бастамасы қашанда халық қолдауына ие.

Сондай-ақ бүгінде партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы да жіті бақылауға алынды. Мұның бәрі халықтың партияға деген сенімін нығайту үшін жасалып отырған ауқымды жұмыстардың бір парасы ғана. Келешекте бұдан өзге де игі іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Ал өткен жылдағы ең айтулы шаралардың бірі – барлық деңгейдегі мәслихаттар мен Парламент Мәжілісіндегі тиімді депутаттық корпусқа жаңа көшбасшыларды айқындау мақсатында өткен партияішілік праймериз болды. Айтулы науқан ел ішіндегі белсенді, іскер азаматтардың өздерін көрсетіп, идеяларын таныстыруына, жаңа жақтастар мен достар табуына жол ашып берді. Қорыта айтқанда, партия­ішілік іріктеудің еліміздегі саяси мәдениетті дамытудағы, азаматтық белсенділікті арттырудағы маңызы зор болды.

Елбасы әрқашан «Nur Otan» партиясының алдына кез келген уақыт сынағына сай жедел және сапалы жауап беру міндетін қойып отыр. Сол арқылы партия әрқашан күрделі мәселелердің оңтайлы жолын тауып, тиімді шешімдер қабылдап келеді. Осы орайда Елбасының «Біздің басты міндетіміз – тұрақтылық, Қазақстанның өсіп-өркендеуі және қарапайым азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Сондықтан уәделерімізді орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет», – деген сөзі еске түседі. Халқымыздың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға, елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға, қоғамның тұрақтылығын сақтауға бағытталған партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары үлкен мүмкіндіктерге жол ашады деген сенімдеміз.

Қазақстанда жүргізіліп жат­қан ауқымды, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырушы партия 22 жылдық тарихи қалыптасу кезеңінде үлкен жетістіктерге жетті. Алдағы уақытта да еліміздегі жетекші партияның биік белес­терді бағындырарына сенім
мол.

Әбілмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: Nur OtanЕлбасыжетістікпартия
Алдыңғы жаңалық

Қызын сабаған ана 12 жылға сотталуы мүмкін

Келесі жаңалық

Air Astana 2020 жылғы EBITDAR-дың құлдырауынан кейін көрсеткіштерді жақсартып жатыр

Ұқсас жаңалықтар

көлік, бөлшек, жалға алу, Шымкент, ұрлық
Жаңалықтар

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 2021
Нұра, Қарағанды облысы, ер адам, көлік, Полиция департаменті
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 09:08

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 07:41

Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?

Сәуір 12, 07:16

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 12, 06:52

Сыртқы істер министрлігі Пулково әуежайында қалып қойған Томирис Айтжановаға қатысты түсініктеме берді

Сәуір 12, 01:05
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

көлік, бөлшек, жалға алу, Шымкент, ұрлық

Автокөлікті жалға алып, бөлшектерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сәуір 12, 2021
пара, судья, Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»