Жақсылыққа үндеген акция
Жақсылыққа үндеген акция
163
оқылды

«Қазақконцерт» ұжымы Алғыс айту күніне орай «Алғысым шек­сіз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шара аясында «Қазақконцерт» әртістері ел игілігі үшін адал еңбек етіп, әрдайым қиын кезеңде халықтың жанынан табылатын азаматтарға қол­дау көрсетіп, ерен еңбегі үшін алғыс айтты. Олардың қатарында жедел жәрдем қызметкерлері, тәртіп сақшы­лары, өрт сөндірушілер мен қала тазалығына жауапты жұмысшылар бар. Айта кетерлігі, қайырымдылық акциясы Asai new star компаниясымен бірлесе ұйымдастырылған. Қала кө­ше­леріндегі қоғамдық тәртіп, тазалық пен халық денсаулығын жіті бақылауда ұстап, тәулік бойы тынбай жұмыс істейтін қызметкерлерге ыстық тамақ пен шай ұсынылды. «Алғыс айту күні – елдің бірлігін арттыратын, жақсылық пен мейірімді ұлықтайтын мереке. «Қазақконцерт» әртістері көктемнің алғашқы мереке­сін осылайша өзара ынтымақтастықты арттыратын игі дәстүрмен бастады. Осы арқылы біз алғыс айту мерекесінің ізгілігін асқақтатып, тәрбиелік мән-маңызын арттыруға үлес қостық деп ойлаймын», – дейді «Қазақконцерт» ұйымының әртісі, белгілі әнші Құр­маш Махан.

А.ЖОЛДАС