Ақмолада тегін томография тапшы
Ақмолада тегін томография тапшы
175
оқылды

Ақмолалықтар магнитті-резонансты томографиялық аппа­раттан денсаулығын тек­сертуге тегін өте алмағанына алаң­дау­лы. Емханаларда тегін қабылдамай, тұрғындар қалтасын қа­ғып, бәрін ақы­лы емханалардың алдына тосуға мәжбүр. Ал бірыңғай мәлім­еттер базасы тегін зерт­теуге орынның мүл­де жоқ екенін көрсетеді. Көп­шілік­ті толған­дырған мәселе­ні білу үшін біз Ақмола облы­сы­ның көпбейінді ауруханасына жү­гіндік. Об­лыстық аурухана базасында бүгінде өңір­дің бюджет­тік ұйым­­­дарының арасында жал­ғыз магнитті-резонансты томография (МРТ) жұмыс істейді.

Ақмола облыстық ауру­хана­сының бас дәрігері Нұрлан Жаров­­тың айтуынша, жаңадан әкелінген магнитті-резонансты томография аппараты аурухана базасында өткен жылдың со­ңында ғана пайда болған. Заман­ауи аппарат түрлі кеңейтілген функцияларға ие. «Магнитті-резонансты томо­гра­фия жасалуы тиіс емделушілер үшін міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру шеңберінде зерттеу тегін жүргізіледі. Бірақ магнитті-резонанстық томо­графия зерттеуінен тегін өту үшін мамандардың осыған көрсетім­дері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің жолдамасы болуы тиіс. Біз бірыңғай ақпарат­тық жүйеде болғандықтан, қазір барлық жолдама өту кестесі бола­тын электронды базада бел­гілене­ді. Яғни, үлкен кезектің пай­да бол­ғанына таңғалуға бол­майды. Бұл өңірдің бюджеттік ұйымдарындағы жалғыз аппарат болғандықтан, кезек үлкен, ал тегін магнитті-резонанстық то­мографиядан өткісі келетіндердің қатары қалың. Әрине, аппарат көп емделушіні бір мезетте аз­даған уақыт ара­лығында өт­кізуге қауқарсыз. Мә­селен, қа­зірдің өзінде алдағы айға магнит­ті-резонансты томо­графия­ға жа­зылып қойған адам­дардың кезегі толып тұр. Біз қазір күніне 10 зерттеуге дейін ұлғайт­тық. Бір адамды аппаратта зерт­теуге бір жарым сағат уақыт шы­ғын­дала­ды. Біз екі ауысымда жұ­мыс іс­тейміз. Қазір жұмыс ауы­сымы­ның ұзақты­ғын тағы ұлғайту үшін мамандар тарту мәсе­лесін қарас­тырып жа­тыр­мыз», – дейді Нұр­лан Жаров. Егер адамдар жолдамамен емес, өзінің қалауы бойынша зерт­теуден өтуге ниетті болса, яки оған бұл зерттеуді тез арада жасау қажет болса, ол қызмет ақылы түрде көр­се­тіледі. Деген­мен тегін магнитті-резонанстық томографиядан зерттеуге орын болмағанымен, іс жүзінде ақылы зерттеуге орын жетерлік болып шықты. Зерттеуді ақылы түрде өтетіндерге басымдық беріле ме? Аталған сауалды облыс­тық ауру­хананың амбулаториялық-ем­хана­лық көмек бөлімінің бас­шы­сы Райхан Мұқатоваға қойдық. Оның айтуынша, аурухана ай сайын жүйедегі жұмыс кестесін қойып отырады. «Қазір барлығы да электронды түрде жұмыс істейді. Бұл кестелер барлық медициналық мекемеге қолжетімді. Олар осы кестеге сәйкес емделушілерді магнитті-резонансты томографиялық зерт­теуге жаза алады. Көбіне айдың басында магнитті-резонансты томографияға орындар бір айға толып тұрады. Ал бұл процедураға қазір бізде жалғыз аппарат бол­ған­­дықтан, халық арасында қат­ты сұраныс артқан. Екіншіден, маг­нит­ті-резонансты томо­графия­ға зерттеуге жолданған­дардың саны аса көбейіп кетті. Өйткені әрбір маман емделушінің диаг­нозын нақтылауға құқылы. Со­ны­мен қатар адамдардың өздері де ден­саулығын осы ма­гнитті-резо­нансты томог­рафия­лық ап­парат­та тексергісі келеді, – дейді Райхан Мұқатова. Дегенмен бұл бағытта да бола­шақта күрделі өзгерістер болуы ық­тимал. Өйткені облыстық ау­ру­­ханадағы мамандар МРТ ап­паратында жұмыс істеуге арнайы оқытудан өткізіліп жатыр екен. «Ал наурыз айында тегін орын­дардың саны бірден жетіден он адамға дейін көбейеді деп күтеу­деміз», – дейді дәрігер мамандар. Сонымен қатар алдағы наурыз айында Ақмола облыстық ауру­ханасының онкологиялық ем­хана­сында тағы бір магнитті-резо­нанс­ты томография аппа­ратын іске қосу жоспарланыпты. Бұл қазір жұмыс істеп тұрған ап­параттың жүгін біршама жеңіл­детуі тиіс. Сонымен ақмолалықтарға тағы бір магнитті-резонансты ап­­­параттың пайдаланылуға бе­рілуін күтуге тура келеді. Сонда ғана ден­саулығын заманауи меди­циналық аппаратта тегін тексеруге мүмкіндік пайда бол­мақ. Ал егер тағы да сан түрлі се­­беп­пен тегін өту мүмкін бол­маса, ақылы ап­параттан өтуге мәж­бүр. Ал қазір тек бастағы миды тексерудің өзі 34-35 мың теңге тұратынын ес­керсек, жала­қысы орташа тұрғын­дардың қан­ша­лықты қалтасы қа­ғылатыны белгілі...

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы