Солтүстік-батыс циклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан облысында тұман, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, күндіз Батыс Қазақстанда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Алматы облысы Жалаңашкөлде жел екпіні 18-23 м/с-ке дейін күшейеді.