Қытайда соңғы кездері күрт дамыған короновирусқа байланысты Қазақстанда да қауіпсіздік қатаң тексеріледі, – деп жазады 24.kz.
«Қорғас» шекара маңында да қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бекеттен күніне 3 мыңға жуық Қазақстан азаматы ары-бері өтеді.
Терминалдарда өкпе қабынуын анықтайтын арнайы қондырғылар орнатылған.
Құрылғы адамға жақындамай-ақ ағзасындағы температураны анықтауға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, ауру белгілері анықталған жағдайда дабыл қағады. Күдік тудырған туристі дәрігерлер тексерістен өткізеді. Тиісінше, аудандық аурухана және өзге де мекемелерге ақпарат береді.
Мұндай тексеру жұмыстары «Нұр жолы» кеден бекетінде де жүргізіліп жатыр. Ол жерден күніне 250 адам өтеді екен.