Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Алматы облысында дәрігер науқастың туыстарынан таяқ жеді. Жанжал аурухананың қабылдау бөлімінде болған.

Нұрбек БАҚЫТ
Наурыз 2, 2021
Жаңалықтар, Әлеумет, Басты жаңалықтар
Талғар, дәрігер, хирург, науқас

Фото: ernur.kz

Жедел жәрдеммен бірге жеткен сырқат әйелдің ұлы анасына ота жасауға дайындалып тұрған хирургті ұрып есінен таңдырып, дереу ізін суытқан. Бұл туралы КТК хабарлады.

Соққы алған дәрігер ауруханада жатыр. Оқиға таңғы сағат төртте болған. Соқыр ішегі іріңдеп, тесілуге шақ тұрған науқасты жедел жәрдем көлігі дереу аудандық ауруханаға жеткізіпті. 58 жастағы әйелге кезекші дәрігер ота жасауға дайындалып тұрған екен. Алайда емді екі сағатқа кейін шегеруге тура келді. Себебі, науқаспен бірге еріп келген ұлы хирургті ұрып құлатқан.

Травматолог дәрігер Элбек Мирташов: «Келсек, кетіп қалған екен. Бәрі біткен екен. Бірақ, дәрігерімізді қарадық. Миы шайқалған. Сол жағынан ұрған. Көгерген жері көрініп тұр. Беті ісіп кеткен. Басына зақым келіп, миы шайқалған. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған», – дейді.

Отаны жасауға басқа дәрігер шақыртуға тура келген. Соққыдан есінен танған хирург сол күйі аяғынан тұра алмаған. Ал соқталдай жігіт дәрігерді ұрып құлатқан соң, ізін суытқан. Дәрігерлер науқастың ұлы кіргеннен-ақ балағаттап, айқай шығарғанын айтады. Ал хирург тек сабырға шақырмақ болыпты. Жалпы, бұл дәрігерлердің бірінші рет таяқ жеуі емес екен.

Талғар ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Хасен Дасибеков: «Ауруханаға пандемия кезінде науқастың туыстары кіргізілмейді. Кейде баса-көктеп кіріп кетеді. Дәрігерлермен ұрсады. Бұл жерде де баласы анасының жанына кіріп кеткен ғой. Кіреберісте күзет болған», – деді.

Дәрігерді ұрып құлатқан 35 жастағы Талғар тұрғыны ұсталды.

Бір күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

Пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Бір тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Алматы облысы ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы: «Талғар ауданының полиция бөлімі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Дәрігердің жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді.

Басынан жарақат алған хирургтің енді ұзақ уақыт емделуіне тура келеді. 31 жастағы маман жақында ғана басқа ауруханадан Талғарға ауысып келген.

 
Тегтер: дәрігернауқасТалғархирург
Алдыңғы жаңалық

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Келесі жаңалық

Ақмолада тегін томография тапшы

Ұқсас жаңалықтар

Марат Омаров
Жаңалықтар

Марат Омаров той өткізген шымкенттік дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 2021
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңалықтар

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 2021
актриса
Жаңалықтар

«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды

Сәуір 13, 2021
зейнетақы
Жаңалықтар

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марат Омаров той өткізген шымкенттік дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 15:31

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 15:06

«Бриллиантовая рука» фильміне түскен актриса қайтыс болды

Сәуір 13, 14:57

Қазақстандықтардың орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Сәуір 13, 14:37

Биыл ең ұзақ және ең қысқа ораза ұстайтын қай елдер?

Сәуір 13, 14:17

«Мотоциклмен жарық бағанасын соқты» – полицей 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты пікір білдірді

Сәуір 13, 13:49

Түркістан – Алматы әуе рейсіне кешіккен 30 жолаушы шу шығарды

Сәуір 13, 13:23
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Марат Омаров

Марат Омаров той өткізген шымкенттік дәмханаға қатысты тексеру басталды

Сәуір 13, 2021
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»