Бұған Түркістанда бір отбасының қайтыс болғаны түрткі болып отыр. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Марқұмдар туған жері Қызылорда облысында жерленді. Мамандар бес адам газдан уланған болуы мүмкін деп топшылап отыр. Газ пештің орнатылуы талапқа сай болмаған. Қазір мердігер мекеменің монтаж жұмыстарын тексеру басталды. Құзырлы орган осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал аймақ басшысы өңірде газ тұтынатын барлық үйдің пеші мен құбырын жаппай тексеруді тапсырды.Мамандардың дерегінше, аймақта жылыту маусымы басталғалы өрт қауіпсіздігін сақтамаған 45 мыңнан астам дерек анықталған.Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Барлық әкім газ бар үйдің барлығын тексеріп шығыңыздар. Шұғыл! Газды орнатқан мекеме мамандары жауапқа тартылады», – деді.
Қаралы отбасыға әкімдік тарапынан қаржылай көмек беріледі. Мемлекеттік қызметкерлер 1 күндік жалақысын аудармақ. Демеушілер есебінен қосымша 7 млн. теңге көмек көрсетіледі.
Бұған дейін Шымкентте де газ жарылып, бір отбасы зардап шеккенін жазған болатынбыз.