Алты жүз адам жұмыссыз қалды
Алты жүз адам жұмыссыз қалды

Елімізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек ережелерін бұзғаны үшін 610 лауазымды тұлға жұмыстан шыға­рыл­ды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының анық­та­уынша, олар жұмысшылардың өмірі мен денсау­лы­ғына нақты қауіп-қатерге туғызғаны үшін кінәлі болған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, бұлар осыған қатысты 13 құрал-жаб­дық, 2 өндірістік объекті мен 7 ұйымның қызметіне ты­йым салды. Құқық қорғау органдарына 1222 іс жол­данып, олар бойынша 207 қылмыстық іс қозғалды.

Министрліктің мәлім­деуін­ше, мемлекеттік еңбек инспе­к­торлары былтыр 9 536 тексеру жүргізген. Соның барысында 2 366 заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бұзушылық­ты жою туралы 480 нұсқама бе­рілді. 203 салынған әкімшілік айыппұл 25,6 млн теңгеге шық­ты. Жалпы, қауіпсіздік пен ең­бек­ті қорғау мәселелері бойын­ша заң­ды және жеке тұлғалардан 879 өтініш қаралды. Ал өнді­ріс­тегі жазатайым оқиғаларға қа­тысты 1266 арнайы тергеу жүргізілді.

Осындай кешенді шаралар өндірістік жарақаттануды төмен­детуге оңынан әсер етті. Еңбек жағдайында денсаулыққа зияны тиетін жұмыс орындарының са­нын азайту үшін былтыр 2 187 өн­­­дірістік объект аттестациядан өткен. Елдегі кәсіпорындарда өн­дірістік кеңестер құрылып, оның 14 792-ы жұмыс істейді. Міне, осы­лардың міндетіне жұмыс орын­­дарындағы еңбек жағдайын тек­серуді ұйымдастырып, өнді­ріс­тік жарақаттың алдын алу кіреді.