Бұдан былай коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандар қажылыққа бара алмайды
Бұдан былай коронавирусқа қарсы вакцина салдырмағандар қажылыққа бара алмайды
115
оқылды

ТАСС агенттігі Сауд Арабиясының билігі вирустың таралуын тоқтату үшін осындай шешім қабылдағанын жазды.

Сауда Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Тауфик ар-Рабианың айтуынша, қажылыққа баратындар коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы тиіс. Былтыр қажылыққа пандемия салдарынан 10 мың адам барған. Оның 30%-ы  – Сауда Арабиясының азаматтары, 70% -ы – сол елде тұратын шетелдіктер. Тек қана коронавирусқа шалдықпаған, бұрын қажылық парызын өтемеген адамдарға рұқсат берілді.

Былтыр қарашадан бастап коронавирусқа шалдықпағанын растайтын ПТР тест анықтамасы бар 50 жасқа дейінгі азаматтар қажылыққа келе бастады.