Қырғызстан президенті астанаға келді
Қырғызстан президенті астанаға келді

Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин және Премьер-министр Асқар Маминмен кездеседі. Жапаров делегациясында Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев, вице-премьер-министр – экономика және қаржы министрі Улукбек Кармышаков, Президент аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Дастан Дюшекеев, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жээнбек Кулубаев, Қорғаныс министрі Таалайбек Өмірәлиев, Ауыл, су шаруашылығы және өңірлерді дамыту министрі Асқарбек Жәнібеков, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев, Көлік, сәулет, құрылыс және коммуникация министрі Гүлмира Әбдіралиева, Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев, Энергетика және өнеркәсіп министрі Кубанычбек Турдубаев, Инвестицияларды ілгерілету және қорғау жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Алмамбет Шықмаматов, Экологиялық және техникалық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның директоры Мырзабек Жапарқұлов бар.

Бұған дейін Садыр Жапаровтың Қазақстанға келетіні айтылған болатын.