Түркияда ұсталған қазақстандықтың кім екені белгілі болды
Түркияда ұсталған қазақстандықтың кім екені белгілі болды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркияда ұсталған қазақстандықтың кім екенін хабарлады.  Оның аты-жөні – Аманбек Самат Аманбекұлы, Атырау облысының тумасы. 2015 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпаратына сәйкес, террористік әрекетке қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы халықаралық іздеуде жүр. Бұған дейін көп жыл іздеуде болған қазақстандық террорист Түркияда ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.