Алматыда бір үйдің бес баласы моншада уланып қалды
Алматыда бір үйдің бес баласы моншада уланып қалды
5,096
оқылды

Алматыда моншаға барған отбасының бес баласы газдан уланып қалған, деп хабарлады  "Евразия" бірінші арнасы

«Олар төлемді 100 метр қашықтықтағы дүкенде қабылдайды. Монша иесі бізді сыртымыздан жауып кеткен. Бір сағат өтпей жатып, баламның басы айнала бастады. Содан кейін басқа балаларым мен әйелім ауырып, өздерін нашар сезінді, мен есікті аш деп айқайлай бастадым”, – деді балалардың әкесі Мұса Қосмұратов. «Алдымен қатты ыстық әсер етті ме деп ойладым, кейін бірнәрсенің дұрыс еместігін түсіндік. Бір кезде сол жерде қамалып өлеміз бе деп те ойладым», – деді әйелі Бақыт Қыдырбекова.

Айқайды естіген дүкеннің қызметкері жүгіріп келіп есікті ашқан. Балалардың кішісі 3 жаста. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы қазір орташа ауыр деп бағаланып отыр. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғадан кейін төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына барды. Онда моншаның мұржасы дұрыс жұмыс істемейтіні анықталды. Қазандықтың мұржасы мен желдеткіш істен шыққан болып шықты.
«Газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, үй иесі газ жабдықтарының жарамдылығы мен техникалық жағдайына жауапты, иесі өзі жауап береді», – деді газ тарату компаниясының өкілі Әсел Тұрғымбаева.
Мамандардың айтуынша, монша бұрын тексеріліп, газ құрамын анықтайтын қондырғылар орнатуға нұсқау берілген. Бірақ, құрылғы қандай да бір себептермен жұмыс істемей қалған. Полиция қызметкерлері балалардың улануына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізеді. Бұған дейін Ақтауда көршісінің кесірінен 2 адам көз жұмып, 6 адам адам ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.