Есірткі бизнесімен  енді  әйелдер де айналыса  бастады  
Есірткі бизнесімен  енді  әйелдер де айналыса  бастады  
96
оқылды
Республикалық «Допинг»  жедел-іздестіру шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының тұрғыны, 38 жастағы әйел адамды ұстады. Күдіктінің үйін тінту  барысында  салмағы екі келіден асатын есірткі заты тәркіленіп, сотқа дейінгі сараптамаға жіберіліп отыр. Сарайға жасырылған есірткіні  «Бони»  атты қызметтік ит тапқан. Ұсталған азаматша кінәсін толықтай мойындап, аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мұндай қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жалпы Шу ауданы қарасорасымен төрткүл әлемге танымал екені белгілі. Алайда енді ерлерді қойып, есірткі бизнесімен әйелдердің айналыса бастағаны жаға ұстатып тұр.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы