Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
148
оқылды

Өзбекстан үкіметі Олий Мажлистің (парламенттің төменгі палатасы) жаңа құрамының алдында өз өкілеттігін тоқтатты, – деп хабарлайды parliament.gov.uz.

Төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлағандай, Министрлер кабинеті өкілдерінің өкілеттігі Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес тоқтатылған.

Бұл құрам жаңа құрам тағайындалғанға дейін жұмысын жалғастырады.

 Анығы, жаңа премьер-министрдің кандидатурасы 21 қаңтарда өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қаралады.