Ата-анасы жұмысқа кеткенде өрттен 5 жасар бала қаза тапты
Ата-анасы жұмысқа кеткенде өрттен 5 жасар бала қаза тапты
145
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрт салдарынан бала қаза тапты. Өрт шыққан кезде ата-анасы үйде болмаған. Аққайың ауданы Новороссийск ауылында шыққан өрттен бала қаза тапқан. Екі пәтерлі үйде өрт шыққанын куәгер хабарлаған.
"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново ауылының "101" пультіне Новороссийск ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бір қабатты үйде өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың мәйітін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.
Бала үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болған.
Үйдің қабырғалары қамыстан жасалғандықтан оңай тұтанып, өрт шыққан. Өрт ас үйден шыққаны белгілі болды, алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пеш себеп болған.
Бұған дейін  Алматыда моншаға барған отбасының бес баласы газдан уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз.