Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Алматылық жігіт Нью-Йоркте қазақ радиосын ашты

Анар Қоныс
Наурыз 2, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
Нью-Йорк

Нью-Йоркте қазақ радиосы істеп тұр. Нақты айтқанда, «Freedom FM» радиосы күнделікті 2 сағатын қазақ тіліндегі жаңалық пен музыкаға арнайды. Осы орайда, АҚШ-та Qazaq time радиосы қалай пайда болғаны туралы оның негізін қалаушы әрі радио жүргізуші Данияр Қожан айтып берді.

– Ауылды жер емес, АҚШ-тың ірі қаласының бірінен радио ашу оңай іс емес. Мұхиттың ар жағынан қазақ радиосын ашу ойыңызға қалай келді?

– Өзім негізінен виза және грин-карта әзірлеумен айналысатын адвокаттық компанияда жұмыс істеймін. Сонда жұмысқа барып-келгенше жол бойы радио тыңдаймын. Байқағаным, әр ұлттың өз тілінде радио толқыны бар. Мәселен, француз, испан, тіпті орыс тілінде де бар екен. Міне, сол кезде неге қазақ тілінде ән тыңдамасқа, Қазақстанның жаңалықтарын, тарихын неге насихаттамасқа деген ой келді. Өзге елдің тұрғындары да Қазақстан туралы, оның салт-дәстүрін білсе деймін. Бірақ ол жақта жеке радио ашу өте қиын. Сондықтан Freedom FM радиосына шықтым.  Freedom FM – 30 жылдан бері істеп келе жатқан орыстілді радио. Нью-Йорктің өзінде 15-20 мыңдай қазақстандық тұрады. Егер Қазақстан жайында хабар ашсақ, өздерінің тыңдармандары көбейетінін түсінді. Тіпті, пилоттық жобаны жүргізіп, сынақ байқауынан өттік.

Нью-Йорк

Ғалымдар апельсин қауіпті дертке шалдықтыратынын айтты

«Оскар» салтанаты бірнеше елде өтуі мүмкін

Байден-Путин қақтығысы: себеп неде?

Оның үстіне, АҚШ-тың әр қаласында жүрген қазақтың басын бір жерге тоғыстырғым келді. Шыны керек, қырғыз-өзбектерге қарағанда, бізде ауызбірлік жоқ. Әркім өз қамын өзі көріп жүр. Өзге елде жүрсек те, қазақстандықтарды біртұтастыққа шақырғым келді. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының үнін бүкіл АҚШ-қа жеткізіп, ана тіліміздің дамуына үлесімді қоссам дедім. Себебі, өз жерімді, өз елімді мақтан етемін. Жүрген жерімде еліміздің туын көтеріп жүремін.

Нью-Йорк

– Сізге берілген екі сағатты қалай толтырасыз? Алғашқы бағдарламаға кім қатысты?

– Күнделікті 2 сағаты елімізде болып жатқан соңғы жаңалықтар мен қазақ әуендеріне арналады. Эфирдің ең алғашқы қонақтары – Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас Консулы Алмат Айдарбеков, Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов  және «Жұлдыз ФМ» радиосындағы әріптестеріміз болды. Негізі, атақты боксшымыз Геннадий Головкинмен өткізбек едік. Ыңғайы келмеді, бірақ алдағы уақытқа жоспарда тұр. Жалпы, АҚШ-та түрлі маман иесі атанған қазақ көп. Радио желісінде солардың өмірі туралы айтып, елге таныстырғымыз келеді. «Әр қазақ – менің жалғызым» демекші, әлемнің әр бұрышында жұмыс істеп жүрген қазақты көрсеткіміз келеді.

Нью-Йорк

Сонымен бірге туған жерге қатысты таңғажайып дүниелер туралы сыр шертіледі. Тыңдармандармен кері байланыс орнату мақсатында «Сұрақ-жауап» айдары бар. Онда радио тыңдаушылар өздерін қызықтырған сауалдарды эфир қонақтары мен жүргізушісіне жолдай алады.

Радионың шымылдығы әлемге танымал әнші, жерлесіміз Димаш Құдайбергеннің әнімен ашылған. Қазақ әуенімен тәнті ету үшін жеңіл-желпі емес, рухты, әуенді әндерді қою дұрыс деп шештік. Мәселен, Қуандық Рахымның «Мен қазақпын» және «МузАрт» триосының «Бұл көктем оралмайды» әндері қойылды.

Нью-Йорк

– Эфир жүргізу  қиын емес пе? Қорқыныш болмады ма?

– Шынын айтсам, қазақ тіліне шорқақпын, орыстілдімін. Қазір қазақ тілін жетілдірудемін. «Көш жүре түзеледі» демекші, Лари Кинг секілді елге танымал жүргізушіні үлгі тұтып, әлемге белгілі жүргізуші болғым келеді. Әрине, алғашында қорқыныш болды. Өйткені, кәсіби радио жүргізуші емеспін. Бірақ әр бағдарламаға шыққан сайын шыныға түсіп, бойым үйрене бастады. Бұрын елде жүргенімде «Асыл арна» және «Еуразия» арнасында журналист болдым. Тіпті, Майк Тайсоннан эксклюзивті сұхбат алдым. Сондықтан телевизия жақтан аздап хабарым бар. Әйтпесе, Қазақстанда Қыдырәлі Болмановпен жұмыс істеп, кейін «МузАрт» тобының Мәскеу, Санкт-Петербург, Стамбұлдағы концерттік турын өткіздім. Еліміздегі спорттық шараларды ұйымдастырып, әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың Қазақстандағы ресми менеджері болдым. Оған себепкер болған – Хабибтің әкесі Абдулманап Нурмагомедов. Марқұм өте жақсы кісі еді. Онымен ALASH PRIDE клубында pr-менеджер болып жұмыс істеп жүргенде танысқанмын. Кейін сол кісі мені Хабибпен таныстырды.

– Данияр, өзіңіз Алматының тумасы екенсіз. Елден кетуге не себеп болды?

– Айтарлықтай себеп жоқ. Өз басым саяхаттап, ел-жер көргенді ұнатамын. Индонезия, Бали, Малайзия және тағы басқа 15-тен астам елді көрдім. Соның ішінде Американы көру – әр адамның арманы. Ол жақты да көргім келді. Сөйтіп, визаға тапсырып едім, өтіп кеттім. Жаңа жылды сол жақта қарсы алып, осында қалуға бел будым. Бұл елімді сатқандық емес. Елімнен түбегейлі көшіп кеткенім жоқ. Әзірге екі жақта да жұмыс істей бергім келеді. Алдағыны уақыт көрсетер. Бірақ олардан үйренеріміз көп.  Димаш Құдайберген, Геннадий Головкиннің аты аталған сайын Қазақстанның барын біледі. Біз де сол елімізді таныту үшін еңбек етіп жүрміз.

Нью-Йорк

– Өзге елде жүріп, еліңізді сағынасыз ба? Сол жақта жүргенде бәрінен бұрын нені аңсайсыз?

– Ол жақта жүргеніме 3-4 жылдың жүзі болды. Әрине, еліңді сағынасың. Әжелеріміздің  құртын аңсайтын кез болады. Сол жақта өзіміз араласатын қазақтардың «Қазақ альянсы» деген ортақ чаты бар. Сол жерге біреуге елден сәлемдеме келсе, хабарлап, бөлісіп жатамыз.

 
Тегтер: АҚШАмерикаДанияр Қожан радиоНью-Йорк
Алдыңғы жаңалық

Елбасы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен кездесті

Келесі жаңалық

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары әлем елдерінде баланы кемсітуге қалай жол берілмейтінін айтты

Ұқсас жаңалықтар

пара, судья, Шығыс Қазақстан
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 2021
Нұра, Қарағанды облысы, ер адам, көлік, Полиция департаменті
Жаңалықтар

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 2021
докторантура, оқу, білім, Қазақстан
Жаңалықтар

Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?

Сәуір 12, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 08:31

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 08:10

Қарағанды облысында жоғалған ер адамның көлігі табылды

Сәуір 12, 07:41

Биыл докторантураға түсу ережесіне қандай өзгерістер енгізілді?

Сәуір 12, 07:16

12 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сәуір 12, 06:52

Сыртқы істер министрлігі Пулково әуежайында қалып қойған Томирис Айтжановаға қатысты түсініктеме берді

Сәуір 12, 01:05

Оразаның 14 пайдасы

Сәуір 11, 23:27
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

пара, судья, Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстанда жұмыс кезінде ішімдік ішкен судьялар қызметінен кетті

Сәуір 12, 2021
коронавирус, ауру, науқас, Қазақстан

Бір күнде 2300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Сәуір 12, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»