Балалар құқығын қорғауға қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылып отыр – Елнұр Бейсенбаев
Балалар құқығын қорғауға қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылып отыр – Елнұр Бейсенбаев
106
оқылды
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев балалар құқығын қорғауға бағытталған заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды түсіндірді.
«Балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясындағы жұмыс тобы осыдан 10 ай бұрын 2020 жылдың мамыр айында құрылған еді. Сонымен қатар қазіргі уақытта Мәжілістің 7-шықырылымы депутаттарының құрамы және қоғам белсенділері қатарынан осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі жаңа жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамы 65 адамнан тұрады. Оның ішінде Мәжіліс депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, психологтар мен педагогтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, балалар мен отбасыларға көмек көрсету саласындағы сарапшылар, ғылым докторлары, құқықтанушылар бар. Қаңтар айынан бастап жаңа жұмыс тобымен 3 отырыс, ал 2020 жылдан бері 14 отырыс өтті», – деді Мәжіліс депутаты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта еліміздің 3 кодексіне, 6 заңына 35-тен астам өзгерту мен толықтыру енгізу ұсынылып отыр. Оның ішінде жетім балалар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың тұрғын үй мәселелері бойынша, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу, жәбірлеу түсінігін енгізу, сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты және өзге де нормалар бар.
"Жұмыс тобының мүшелері әлемнің дамыған елдеріндегі жағдайды және күнделікті болып жатқан оқиғалармен бөлісіп, өз ұсыныстарын беріп отырады. Баланы жәбірлеуге қатысты мәселелерді жоюда белсенді жұмыс жүргізетін мемлекеттердің тәжірибесімен мемлекеттік органдар да бөлісіп отырады. Кез келген қылмыстың себебі мен салдарын зерделеп барып, одан шығатын түсініктер енгізіледі. Сондықтан кез келген мәселе зерттеліп, негізге алынып барып, талқыға салынады", – деді ол.