Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық компанияларға ашықтық керек

«Айқын» ақпарат
Наурыз 3, 2021
Жаңалықтар, Қазақстан
компания

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин квазимемлекеттік сектор сатып алуы туралы жаңа заң отандық тауар өндірушілерге басымдық бере отырып, сатып алу жүйесінің ашықтығын және тиімділігін қалыптастыруға ықпал етуге тиіс деп есептейді.

Бұл туралы Нұрлан Нығматулин Мәжілісте «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшыларының, Үкімет мүшелерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен өткен «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъек­тілерін сатып алу туралы» заң жобасын талқылаған отырыс барысында айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, квазимемлекеттік сатып алу саласындағы ашық және тиімді процестер көптеген экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, отандық өндірісті және өз өнімдерімізді қолдауға жол ашады. Екіншіден, бұл шағын және орта бизнеске көмек болады. Осының барлығы, жұмыс орындарын сақтап, әлеуметтік жағдайды да одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деді Мә­жіліс Төрағасы.

Жиында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесі туралы депутаттар алдында баяндама жасады.

Шапағаты мол Рамазан айы халықты жанашыр болуға шақырады – Нұрлан Нығматулин

Жер сатылмайды: енді оны дұрыс игеру қажет

Ауыл жері шетелдікке берілмейді

Қор басқармасы басшысының айтуынша, сатып алу қызметінде қабылданған шаралар ерекше өзектілікке ие болып, пандемия мен экономикалық дағдарыс кезеңінде өзінің тиім­ділігін дәлелдеді.

– Отандық кәсіпкерлерден сатып алу үлесі 2019 жылғы 45%-ға қарағанда 2020 жылы 83%-ды құрады. Осы жылдың 2 айында ол 90%-ға дейін өсті. Импортты алмастыру бағдарламасы жаңа өндірістерді 76 млрд теңгеге тікелей қолдауға ықпал етті, – деді Ахметжан Есімов.

Аталған заң жобасы туралы Мәжіліс Төрағасы бұл ретте квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ерекшеліктерін ескеретінін атап өтті.

– Біздің елімізде квазимемлекеттік сектор субъектілері әр­түрлі векторлы, көпсалалы сипатқа ие. Сатып алу рәсімдерін шамадан тыс нақтылау компаниялардың операциялық қызметіне те­­ріс әсер етіп, сондай-ақ олардың инвестициялық тартымдылық деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бұл заң жобасы квазимемлекеттік сектор субъекті­лерінің сатып алуы­на қатысты базалық қағидаттар мен тәсілдерді қамтиды, – деді Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасында, атап айтқанда сатып алудың жаңа тәсілі – электронды тетікті енгізу ұсынылады. Егер мұндай тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі АЕК-тің он мың еселенген мөлшерінен аспаса, электронды каталогтегі біртекті тауарларға осын­дай тәсілмен сатып алуды жүргізу жоспарланып отыр.

Ж.ӘБДІҒАЛИ

 
Тегтер: квазимемлекеттік секторкомпанияМәжілісНұрлан НығматулинСамұрық-ҚазынаҰлттық компания
Алдыңғы жаңалық

Тұрғындар ұсынысы әрқашан ескеріледі

Келесі жаңалық

Өнерлі жастар партияға қабылданды

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус, ауру, науқас, адам өлімі
Жаңалықтар

Бір күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 13, 2021
ит
Әлеумет

Қараусыз иттен қауіп жоқ деме…

Сәуір 13, 2021
қызыл аймақ, Алматы, Нұр-Сұлтан, Алматы облысы, эпидемиологиялық ахуал
Жаңалықтар

Түркістан мен Шығыс Қазақстаннан басқа өңірлерде эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Сәуір 13, 2021
ораза
Әлеумет

Оразада нені есте ұстаған жөн?

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 13, 11:02

Қараусыз иттен қауіп жоқ деме…

Сәуір 13, 11:00

Түркістан мен Шығыс Қазақстаннан басқа өңірлерде эпидемиологиялық ахуал нашарлады

Сәуір 13, 10:43

Оразада нені есте ұстаған жөн?

Сәуір 13, 10:30

Тұрғындар наурызда 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды

Сәуір 13, 10:24

Шерхан дәуірі

Сәуір 13, 10:00

Қыздарды жеңіл жүріске мәжбүрлеген үш «жеңгетай» ұсталды 

Сәуір 13, 09:56
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус, ауру, науқас, адам өлімі

Бір күнде коронавирустан 24 адам қайтыс болды

Сәуір 13, 2021
ит

Қараусыз иттен қауіп жоқ деме…

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»