Өнерлі жастар партияға қабылданды

Өнерлі жастар партияға қабылданды

«Украина дауысы» шоуының финалисі Индира Еділбаева, актер әрі әнші Дидар Кәден және бизнесмен Ларион Лян «Nur Otan» партиясын таңдады.

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай партияның Алматы қалалық филиалы бел­сенді және жігерлі алматылықтар­мен, атап айтқанда Болат Ерасыл, Айрин Сабыржан қатарлы аза­мат­тармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында ден­саулық сақ­тау, мәдениет және спорт, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ БАҚ қызмет­керлері, студент жастар мен көп­балалы ана бар. Өз кезегінде тәуелсіздіктің құрдасы, әнші Индира Еділбаева Қазақстанның басты саяси кү­шінің бір бөлігі болу үлкен мәр­тебе екенін атап өтті. Кездесуді қо­­ры­тынды­лаған «Nur Otan» пар­­тиясы Алматы қалалық фи­лиа­лы төрағасының бірінші орын­­басары Мейіржан Отыншиев партия қатарына қа­был­­данған азаматтардың қада­мы­на сәттілік тіледі. – Бүгінгі партияға қабылдау Алматы халқының басым бө­лігінің «Nur Otan» жұмысына де­ген сенімін білдіреді. Пар­тия­ның қалалық және аудандық филиалдары штат­тық режимде жұмысын жалғасты­руда, қоғам­дық-саяси іс-шаралар өткізілуде, қоғамдық қабылдауда өтініш берушілердің өздерін толған­дырған мәселелер бойынша өті­ніштері қаралуда. Бүгінде ал­матылық нұротандықтар барлық санаттағы азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған партияның сай­­лауалды бағдарламасын са­палы жүзеге асыруға барын са­лады, – деді Мейіржан Отыншиев.

Әбілмансұр ЖАСАН