Қытайда тараған ауруға байланысты шұғыл жиын өтеді – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Қытайда тараған ауруға байланысты шұғыл жиын өтеді – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда вирустың жаппай таралуына байланысты шұғыл жиын өткізеді, – деп хабарлайды «Спутник Қазақстан».

Дереккөздің жазуынша, ұйымның төтенше жағдайлар комитетінің шұғыл жиналыс өткізетінін ұйым ресми Twitter-дегі аккаунтында хабарлады.

«Комитет кездесуді сәрсенбі, 22 қаңтар күні Женевада өткізеді. Бұл жиын аурудың таралуы қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық масштабтағы төтенше жағдай саналатынын не саналмайтынын анықтау үшін өткізіледі» делінген ресми ақпарат.

Айта керек, бүгінге дейін пневмония жұқтырғандар саны 218-ге жеткен. Өкінішке қарай, пневмония Қытайдан бөлек Оңтүстік Корея, Жапония, Таиландқа дейін таралған.