Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Nur Otan

Тұрғындар сұрағына жауап берді

«Айқын» ақпарат
Наурыз 3, 2021
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
тұрғындар

Ордабасы ауданы Темір­лан ауылында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыс­тық филиалының көшпелі қоғам­дық қабылдауы өтті.

Аталған іс-шараның мақса­ты – облыстық басқарма басшыларын, жауапты өкілдерін, аудан әкімдігіндегі бөлім басшыларын тұрғындармен кездестіріп, олардың мұң-мұқтажын тыңдау, нақты көмек беру. Өйткені кей жағдайда тұрғындар басшылардың қабылдауына кіре алмай, арыздары ес­керусіз қалып жатады. Көшпелі қо­ғамдық қабылдау осы кедергіні жоюға бағытталған игі қадам болды.

Онлайн форматта өткен қабылдауға облыстық басқарма бас­шылары, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен бөлім басшылары қатысты.

Қабылдауда оффлайн форматта – 13, тікелей эфир арқылы бірнеше тұрғынның арыз-шағымы тыңдалды. Тұрғындар газ, ауызсу, сапалы электр қуатымен қамту, инфрақұрылымды жақсарту, жол, мектеп, аурухана салу мәселесін көтерді.

Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты бақылауда

Онлайн форматтағы кезекті қабылдау

Денсаулық сақтау министріне сауал жолдады

Қоғамдық қабылдауда Шұбарсу ауылында халыққа қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі көтерілді. Аудан әкімінің орынбасары ауылда кәсіпкерлермен ке­ліссөз жүргізіліп жатқанын, жақында ғимарат салынып, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сол нысанда жұмысқа кірісетінін айтты.Кейін шұбарсулықтар құжаттарын реттеу үшін Темірланға сабылмайтын болады.

Шұбарсулық тағы бір тұрғын Ұ.Баранова немересінің денсаулығын тексерту, мүгедектікке шығару жөнінде шағымын жеткізді. Бұл мәселе де партиялық бақылауға алынды. Аудандағы денсаулық сақтау саласына жа­уапты басшылар жеткіншекті тексеруден өткізетін болды.

Бөгендік А.Досанов ауылдағы ескі медициналық нысанды кәдеге жарату туралы ұсынысын айтты. Бұл сұраққа Түркістан облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева жауап берді. Оның айтуынша, аталған ғимараттан оңалту орталығы ашылып, қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі. Қабылдауда Бадам ауылы «Орда» шағы­науданында инфрақұрылым­ды жақсарту жөніндегі Б.Айдаровтың өтінімі де ескерусіз қалмады. Су, электр мәселелері биыл шешілетін болды. Сонымен бірге Ұялыжар ауылындағы Ш.Уәлиханов көшесін асфальттау мәселесі де жуырда шешімін таппақ. Жол мәселесін көтерген Ж.Елтаевқа осындай нақты жауап берілді.

Қоғамдық қабылдауда осы және өзге де сұрақтарға тиісті жа­уап­­тар берілді. Әрбір өтініш на­зарға алынып, жұмыс жүргізіледі.

– Қазір елде күрмеулі мәселе көп. Өкінішке қарай, кейбір азаматтардың өтініштеріне жергілікті органдардан дер кезінде жауап берілмейді немесе кей тұрғындар қайда шағымданарын білмейді. Басшылардың қабылдауына кіруге сәті түспей жүрген азаматтар да бар. Бұл ретте біз «Nur Otan» партиясының көш­пелі қоғамдық қабылдауын өткізу арқылы осы олқылықты жоюға үлес қосып ке­леміз. Яғни, көш­пелі қоғамдық қабылдау арқылы ел басшыларды емес, басшылар елді іздеп, арыз-шағымдарын тың­дайды. Бүгінде Түркістан өңірінде облыстық және аудан, қалалардағы мәслихаттардағы нұротандық 263 депутат кестеге сай үзіліссіз қоғамдық қабылдау өткізіп келеді. Өңірдегі өзекті мә­селелер, тұрғындардың ұсыныс-тілектері партиялық бақылауға алынады, – деді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев.

Әбілмансұр ЖАСАН

 
Тегтер: Nur Otanжауапқоғамдық қабылдауОрдабасысұрақтұрғындар
Алдыңғы жаңалық

Қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан босатылды

Келесі жаңалық

Азық-түлік неге қымбаттады?

Ұқсас жаңалықтар

зейнеткер
Жаңалықтар

«Дәрі-дәрмегін әперем» деген танысы зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап әкеткен

Сәуір 10, 2021
шахмат
Жаңалықтар

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 2021
цой
Жаңалықтар

Алексей Цой: біз толық локдаунға оралып, қалаларды жапқымыз келмейді

Сәуір 10, 2021
Көлгінов
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

Сәуір 10, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Дәрі-дәрмегін әперем» деген танысы зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап әкеткен

Сәуір 10, 16:47

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 16:23

Алексей Цой: біз толық локдаунға оралып, қалаларды жапқымыз келмейді

Сәуір 10, 15:53

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

Сәуір 10, 15:22

Вакциналарды араластырып салмау керек – ДСҰ

Сәуір 10, 14:58

Президент Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Сәуір 10, 14:29

Alibaba компаниясына 2 млрд 750 млн доллар айыппұл салынды

Сәуір 10, 14:04
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

зейнеткер

«Дәрі-дәрмегін әперем» деген танысы зейнеткердің жарты миллион теңгесін ұрлап әкеткен

Сәуір 10, 2021
шахмат

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»