Балаларға қуаныш сыйлады
Балаларға қуаныш сыйлады

1 наурыз – Алғыс айту күні  қарсаңында «Сәби бақыты» қорының қолдауымен «Nur Otan»  партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Өскемен қаласындағы «Үміт» балалар үйінде шаштараз өнері, визаж, маникюр және педикюр дағдыларына үйрету бойынша шеберхана ашылды.

Шараға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық фи­лиа­лының Саяси жұмыстар бөлі­мінің басшысы Саят Ибраев, облыстық Білім басқармасының және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде сөз сөйлеген «Үміт» ба­лалар үйінің директоры Мария Баймұқанқызы шеберхананы ашуға атсалысқан барша аза­маттарға алғысын айтты. – Келешекте осы балалар үйі­нің тәрбиеленушілері бұл ше­берханада машықтанатын болады. Олар кәмелет жасына толып, балалар үйінен шыққан кезде қол­дарына сертификат ала­ды. Яғни, дайын маман атанады. Бұл біздің тәрбиеленушілеріміз үшін ке­ремет мүмкіндік. Мұндай шебер­хана бізден басқа ешқандай ба­лалар үйінде жоқ. Шебер­ха­наның ашы­луына қолдау біл­дірген «Сәби бақыты» қоғамдық қорына өз атым­нан және барлық балалардың атынан алғыс біл­діремін, – деді М.Баймұқанқызы. Ал «Сәби бақыты» қорының жетекшісі Ақмарал Мамедова мұн­дай қадамға балаларға қуа­ныш сыйлау үшін, жәрдемдесу үшін барғанын жеткізді. – Біздің мақсатымыз – бала­ларға қуаныш сыйлау, мүмкін­дігінше көмек қолын созып, қол­дау көрсету. Орталық толық­тай қажетті құрал-жабдықпен то­лықтай қамтамасыз етілген. Ба­ла­лар бос уақытын тиімді өткізетініне сенемін, – деді қор жетекшісі.

 Әбілмансұр ЖАСАН