Қысым көрген оқушы өз-өзіне қол жұмсады
Қысым көрген оқушы өз-өзіне қол жұмсады
232
оқылды

Балалар арасындағы буллингтің буы «бұрқырап» тұр. Сыныптастарынан футбол ойнай алмағаны үшін қысым көрген мектеп оқушысы суицидке бел буған. Бұл туралы ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

Қожаев жасөспірімдер арасындағы қудалау, мазақ, қысым көрсету баланың жүйке-жүйесіне теріс әсер ететінін, салдарынан адам қатыгез болып өсуі мүмкін екенін айтты. «Қазақстан криминалистика тарихында сериялық қылмыс жасаған қылмыскер балалық шағында өз құрдастары немесе отбасында қысым көргені анықталып жатады. Мұндай жағымсыз оқиғалар қоғамда, әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Тергеу тәжірибесінен нақты мысал келтірейін. Еліміздегі мектептердің бірінде 12 жастағы оқушылар сыныптасына футбол ойнай алмағаны үшін жүйелі түрде қысым көрсетіп, мазақ қыла берген. Футбол командасы бірнеше ойында жеңіліп қалған. Оған кінәлі ретінде бәрі сыныптасын айыптаған. Соңында қысымға шыдамаған бала өзіне-өзі қол жұмсады», – деді ІІМ басшысының бірінші орынбасары.

Айша ЕРСҰЛТАН