Ескі техникаға неге үйір?
Ескі техникаға неге үйір?

Жуырда отандық басы­лым­дардың бірінде бұрын­ғы Қорғаныс министрі, ге­не­рал Сәкен Жасұзақов­қа қатысты тергеу бастал­ға­ны жайлы мақала жарық көр­ді. Әрине, тергеуге қа­тыс­ты дерек ашық айтыл­ған жоқ. Әрі кімдердің экс-министр ісіне қатысы бар екені де белгісіз. Бірақ ма­­­қа­лада генералдың Қа­ру­лы Күш­тері­міз үшін мо­ра­­ль­­дық тұрғыда ескір­ген тех­никаны сатып алуға қа­ты­сы болға­ны жайлы ай­­тыл­ған.

Бірқатар масс-медиа аталған мәселені әскери керек-жарақ сатып алу ісіндегі лоббимен ба­й­­ланыстырып жатыр. Мүм­кін­­діктері тұрғысынан ше­тел­­дік аналогтардан кем түс­пей­тін техникалар жасап жат­­­қанымызға қарамастан, көр­шінің дүниесін үздік санау сырт көзге лобби тәрізді көрінуі мүмкін. Дегенмен теріскейдегі жұртпен, әсіресе әскери саладағы ынты­мақ­тасты­ғымыз тым терең­де екенін мойындауымыз керек.

 

«Мұраға» қалған мүлік еді

Қарулы Күштеріміз үшін әс­ке­ри техниканың көбін Ресейден алатынымыз рас. Өйткені КСРО ыдыраған кезде Қазақстан аума­ғын­да одаққа тиесілі көпте­ген әскери техника қалды. Ал әс­­керилер іштей Ресейдің де­ге­ні­мен жүруге құмар еді. Екі­жақты келісімдер арқылы сол әскери техниканың біразын өзімізде қалдырдық. Сөйтіп, КСРО мұрасынан үлес алғанбыз. Кейін әскери-стратегиялық бағыт­тағы әріптестік тереңдеп, ҰҚШҰ тәрізді тікелей қорға­ныс мәселесіне қатысы бар ұйым­­­дарға бірге мүше бол­дық. Қару-жарағымыздың басым көп­шілігі көршінің өнеркәсі­бі­нен шыққандар. Stockholm International Peace Research Institute деректеріне қарағанда, Қазақстан 1991-2017 жылдар аралығында Ресейден 1 млрд 756 млн долларға әскери техника мен қару-жарақ сатып алыпты. Одан бері де 3 жыл өткенін ес­кер­сек, аталған соманың да өзгер­гені анық. Сонымен қатар Ресейдің елімізге біраз қару-жарақты тегін бергені бар. Мәселен, 2015 жылдың басында Ресей Қазақстанға С-300 ПС зениттік зымыран кешендерінің 5 дивизионын тегін берген. Әрине, атышулы кешен еліміз үшін олжа болғанымен, С-300 ПС кешендері 1983-1994 жылдары өндіргенін ескерсек, аталған техника тым жаңа емес. Ресей тегін берген 5 дивизионнан бө­лек, өз ақшамызға сатып алған дүние­леріміз де бар. Олардың ескісі де, жаңасы да кездеседі. Тіпті, кейбіреуі бертінде ғана өндірістен шыққан болуы мүмкін. Тек маркасы ескі. Мәселен, Зил-157 маркалы көлікті кейбір зауыт­тар 1991 жылға дейін шы­ғар­ғанын ескерсек, әскери техни­каға қатысты бірден күмән келтіруге болмайды. Әрі әскери техниканы модернизациялап, заман талабына сай етіп пайда­лану мүмкіндігі тағы бар. Мәсе­лен, АҚШ Boeing B-52 Stratofortress стратегиялық бом­ба­­лаушыларын кемі 2030 жыл­ға дейін пайдалануға бекініп отыр. Ұшақтардың ең соңғысы 1962 жылы өндірілгенін ескерсек, олар іске жарамауы тиіс еді. Бірақ модернизациялап, ұдайы бақылап отыратындықтан ұшақ­ты америкалықтар 60-70 жыл пай­даланбақ. Демек, әскери техни­каны «өңдеп» пайдалануға бола­ды деген сөз. Бірақ «мораль­дық тұрғыда ескеру» мәселесі бөлек дүние.


Мәселен, еліміз «Барыс 6×6» бронды көлігін жа­сай­­ды. Бұл көлік әлгі БТР-80, 82А-лардан артық болмаса, кем емес.


Әскеріміз пайдаланып жүр­­ген Т-72 танктері, БТР-60, 80,80А, 82А, БМП-1,2, гауби­ца­лар, зы­мы­ран кешендері, Су-25, 27, 30СМ, МиГ-29, МиГ-31 ұшақтары, Bell-205 UH-1 Erquois пен Eurocopter EC145 мар­­каларынан бөлек бар­лық тікұшақ Кеңес Ода­ғында немесе Ресейде жа­сал­­ған. Жауынгерлердің атыс қару­­­ларының көбі де сол ресей­лік өнім. Алайда көршінің ең заманауи деген техникасымен де олардан бұрын әскерімізді жа­рақ­тандырған кезіміз болған. Оған «БМПТ «Терминатор» атты техника дәлел. Танктерге қолдау көрсететін ұрыс техникасын біз 2011-2012 жылы алсақ, Ресей әскері оған тек 2018 жылы қол жеткізді. Ал отандық баспасөздің нысанасына ілігіп жүрген мәселе БТР-80, 82А техникаларына қа­тыс­ты болып тұр.

 

Өзіміз жасайтын да техника бар

Қазақстанның 2017 жылы қабыл­данған Әскери доктрина­сында «гибридті күрес» деген ұғым бар. Бұл термин елдің ты­ныш­тығын бұзып, іштен ірітіп, әскери, экономикалық, саяси тұрғыда берекесін алатын жаңа тәсілді сипаттады. Гибридті май­данда бәрі болуы мүмкін. Сепаратистік идея да, экстремизм де, ақпараттық қысым да, қыс­қа­сы елдің берекесін алатын кез келген тәсіл – осы ұғымның аясына сыйып кетеді. Мұндайда Қарулы Күштердің ел қорғау принципі де өзгерері хақ. Тек бір елдің техникасымен қарулану да кейде ағаттық болуы мүмкін. Содан да шығар, экс-Қор­ға­ныс министрінің кейбір әре­кетіне қатысты мәселе кө­тер­ген басылымдар қару-жа­­рақ пен әскери техникаға қа­­тыс­ты та­лаптардың заман та­лап­тары­на сай болуына на­зар ау­дарғанға ұқсайды. Ра­сын­­да да, «Казспецэкспорт» ме­кемесі 2012 жылы ресейлік «Росо­борон­экс­порт» компания­сы­мен келі­­сім­ге келіп, бізге 90 жаңа БТР-82 сатып алмақ болған. Алай­да бронотранспортерлерді отан­дық кәсіпорындар да өндіре баста­­ғанын ескерсек, шынында, техни­калық мүмкіндігі күмән туды­ратын құралды сатып алудың қажеті қанша? Мәселен, еліміз «Барыс 6×6» бронды көлігін жа­сай­­ды. Бұл көлік әлгі БТР-80, 82А-дан артық болмаса, кем емес. Демек, ресейлік БТР-лар­ды сатып алу отандық өнеркәсіп­ті қолдамаудың белгісі болса ке­рек. Әрі Қазақстанның әс­ке­ри ғылымдар академиясы ғалымдарының зерттеуі бойын­ша, КСРО кезінен бері шығарыла бастаған БТР-лар заманауи ұрыс талаптарына сай келмейді екен. Яғни, олар қарсылас тосқауылда жатып, аяқастынан шабуыл жасаса, дұшпанға қарсы әрекет жасай алмайды. Әрі 7,62 мм-лік болат оқтың өзі сауытын тесіп өтетін көрінеді. Ірі калибрлі пуле­меттің оғы көп жағдайда 12-16 мм болатынын назарда ұс­­т­асақ, БТР-лар тым тиімді тех­­­ника емес екені байқалады. Алайда олар біздің Қарулы Күш­те­рімізде өте мол. Кейбір ашық дерек­көздеріне сүйенсек, әске­­рімізде 1 200-ге жуық БМП-1 және БМП-2, 10 дана «Тер­ми­на­тор», 580 броно­тран­спортер бар екен. Олар БТР-60, БТР-80, БТР-80А, БТР-82А және МТ-ЛБ мар­­калы көліктер. Демек, Қару­лы Күштерде ресейлік тех­ни­каны әлі де «құдайдай» көру психологиясы сақталды деген сөз. Әйтпесе, «Барыс» кө­лік­­тері­нің қарасы көбейген болар еді. Оның үстіне, жаңа үлгі­де­­гілерін алуға «қызықпай» жүр­ге­німіз таң­ғалдырады. Әйтеуір, ақша бөл­ген екенбіз, жаңа дүниелер алсақ керек еді. Мәселен, Әзірбайжан мемлекеті біздегі Т-72-лерден әлде­қай­­да жақсы Т-90 танктерін сатып алған. Оған біздің қолымыз әлі жет­кен жоқ.


Amangeldi.JPG  Амангелді ҚҰРМЕТ