Көлік апатынан 6 адам көз жұмды
Көлік апатынан 6 адам көз жұмды
99
оқылды

Соңғы бірнеше айда 4 және одан да көп адам бірден мерт болған көлік апатының саны артып барады. Кеше Қостанай облысындағы Қостанай-Әулиекөл тасжолында екі джиптің соқтығысуына 6 адам қайтыс болды. Апат тасжолдың 69-шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.

Облыстық Полиция департаменті апат болған жер­ге автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы ба­рып, жұмыс істегенін хабарлады. Құзырлы ор­ган­­дар қайтыс болғандар жайлы ақпарат та­рат­қаны­мен, жараланғандар болды ма, жоқ па ол жай­лы мәлімет бермеді. Ал бұл апат соңғы 10 күн­нің ішінде елімізде тіркелген үшінші ірі көлік апаты. Ақпанның 22-сі күні Батыс Қазақстан об­лысындағы Атырау–Орал тасжолында бір мезгілде 6 адам қайтыс болған жол-көлік апаты болған еді. Кейін, 26 ақпанда дәл сол жолда 4 адам бір мезгілде көлік апатынан көз жұмды. Одан бұрын, 15 ақпанда Алматы облысында көліктердің соқтығысуынан 7 адам, қаңтардың 13-і күні Қызылордада бір мез­гілде 5 адам қайтыс болды. Ал 2020 жылдың 20 жел­­­тоқсанында Павлодарда көліктердің соқты­ғысуынан 5 адам бірден көз жұмған еді.