«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды
«Ұлытау» әлемдік байқауда 1-орын алды
181
оқылды

«Ұлытау» тобы Лос-Анджелесте ұйымдастырылған The Djooky Music Awards бай­қауында 1-орын алды.

Қыдырәлі Болман негізін қала­ған топ АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен Djooky Music Awards халықаралық музыкалық бай­қауында рок-металл санаты бо­йынша оза шапты. Олар Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйін орындады. Байқау онлайн дауыс беру ар­қылы өтті. Дауыс беру 27 ақпан таң­ғы 06.00-де басталып, 1 наурыз күні аяқталды. «Бүкіләлемдік жеңіс құтты бол­сын, қазақ елі! Мың алғыс, мың тағ­зым! Күмбірлеген, тасып-төгілген күйлерімізді әлемнің сахнасына шығарып, домбырамызды аламан бәйгелерге қосып, бас жүлделер бұйыртқан Аллаға сансыз мадақтар болсын! Үлкен қолдау қөрсетіп, таң­ғы 6.00-ге дейін «Ұлытау» тобымен бірге болған сіздерге, Қазақстан өнер жұлдыздарына, біртұтас қазақ еліне, мың алғыс, мың тағзым!», – деп жазды Қыдырәлі Болман Instagram парақшасында. Мәлімет бойынша, Djooky Music Awards халықаралық музыкалық бай­қауына әлемнің 86 елінен 13 му­зыка­лық бағыт бойынша музыкант­тар бақ сынады. Байқау қорытын­дысы америкалық продюсер Брайан Малуф шешімі мен көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде шықты.

А. ЖОЛДАС