«Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында қабылданады. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады.
Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі – 5%; Бастапқы жарна – 10%. Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады. Несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін. «Алматы жастарына» медицина, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орны, әлеуметтік сала, БАҚ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтінім бере алады. Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысады. Мәселен, былтыр мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады.Негізгі талаптар:
- Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс істеу;
- Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
- 35 жасқа дейінгі, 35 жасқа толған жастар.