Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бүгін сағат 00:45-те ауа райына байланысты Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» тасжолының 526-615 шақырымында, нақтырақ айтқанда, Батыс Қазақстан облысы мен Қобда ауылының аралығындағы жолда барлық көліктің қозғалысына тыйым салынды. «Самара – Шымкент» трассасының 265-526 шақырымында, нақтырақ айтқанда Подстепное ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасы аралығында барлық көлікке жол жүруге болмайды.

Бүгін синоптиктер ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатын.