Штат 5 пайызға қысқарады
Штат 5 пайызға қысқарады

Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемле­кет­тік қызметкерлер­дің шта­тын 5 пайызға қысқарту қарастырылған. Оның ішіне Жарлық қосымшасында көрсетілген мемлекеттік орган­дар кірмейді.

Қысқартуға жатпайтын мем­ле­кеттік органдардың тізімі­не кіргендер: Адам құқықта­ры жөніндегі ұлттық орталық, ауылдар мен ауылдық округ әкім­­дерінің аппараттары, Жо­ғар­ғы сот кеңесі, Қорғаныс ми­нистрлігі, Конституциялық ке­ңес, Парламент палаталары, Пре­зидент Әкімшілігі, Прези­дент ісінің басқармасы, Пре­мьер-Министр кеңсесі, Тұң­­ғыш Президент кеңсесі – Елбасы, Тұңғыш Президенттің Мұра­ғаты, Орталық сайлау ко­мис­сиясы.

Мемлекет басшысының «Қазақ­стан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шара­лар туралы» Жарлығы бойынша 2021 жылғы 1 қаңтар­ға дейін «Б» корпусының бос әкім­шілік мемлекеттік лауа­зым­­дарына орналасу жөнінен байқау жариялауға мораторий енгізілді. Оның ішінде жаңадан құрылған немесе қайта құрылған мемлекеттік органдар есепке алынбайды. Кейбір мемлекеттік органдар осы Жарлықтың қо­сым­шасында көрсетілген.

Қазір құжат осы жылдың 27 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауда болады. Оның жоба­сы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл мемлекеттік қызметшілерді 5 пайызға қыс­қар­ту туралы бұйрығына сәйкес әзірленді. Енді 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен қысқарту жоспары орындалмақшы. Сол аралықта елдегі квазимем­лекеттік сектор­дағы мемлекеттік қызметшілер мен жұмысшылар санының 25 пайызға азаюы республикалық қана емес, жергілікті деңгейде де жүргізіледі.