Бұл туралы Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Кеше сағат 13:04-те өрт сөндірушілерге Екібастұз қаласы Астана көшесі 32 Б мекенжайында жолаушылар вагоны өртенгені туралы хабар түскен.
«Екібастұз моторлы вагон депосы» ЖШС-на тиесілі жолаушылар вагоны түгелдей жанып кеткен. Өрт 73 шаршы метр аумақты шарпыды.